jasqazaq.kz

Дендросаябақта өрттің алдын алу шаралары жүргізілді

22 шiлде 2022, 19:48

А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында өрттің алдын алу шаралары күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр.

Биылғы шілде айы жылдағыдан ыстық келді. Аптап ыстықта өрт қаупінің басымдылығына байланысты «Build stroi» ЖШС-де өз тарапынан көмек көрсетуде. Мердігер компания тарапынан қураған шөптерден тазалау жұмыстарына қосымша 150-ге жуық адам жұмылдырылып отыр. Коммуналды қызметкерлер 85 шөп орғыш техника және 12 дана көлік көмегімен дендросаябақтың аумағында 5 арнайы топ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазіргі таңға дейін өрт қаупі бар 8 гектар жерде тазалау жұмыстары жүргізілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жасыл желек аймағы бақылауға алынған. Сақтық шарасы мақсатында 2 су тасымалдау көлігі дайындалып отыр.

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мамандарының айтуынша күні бүгінге дейін дендросаябақта өрт салдарынан ағаштарға зақым келген жоқ.

Саябақ аумағындағы жасыл –желек саны 100,5 мың данадан асады. Аймағында Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаштың 10 түрі бар. Олар: кәдімгі өрік, іле бөріқарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны, ақ тораңғыл, жабайы жүзім, тау пістесі. Сирек кездесетін ағаштардың 96 түрі бар.

Былтырғы жылдан бері бос жатқан 6 га аумаққа қосымша 2000 түп көшет қондырылған. Оның ішінде өрік, жиде, шие, дерен және әртүрлі жәй жапырақты шаған, айлант, үйеңкі отырғызылған.

Одан бөлек, жартасты арша, агава, тікенекті көгілдір шырша, жабайы жүзім (Қызыл кітапқа енген), Сібірлік шырша, Калифорния терек, терек -2000, айлант -840, ақ тораңғыл (қызыл кітапқа енген), ақ сексеуіл егілген. Шағын раушан гүлдер бағын жасау мақсатында 1000 раушангүл отырғызылып, күтіп-бапталуда.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр