jasqazaq.kz

Демалыста базарлар мен сауда орталықтары істемейді

28 қантар 2021, 11:06

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.

Құжатта сауда ойын-сауық орталығы мен кафе, мейрамхана мен базарлардың жұмысына шектеулер енгізу жайы қамтылған.

Жұмыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі.

Ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салынды.

Сенбі, жексенбі күндері жабық базарлар жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін рұқсат етілді.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне 9:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат.

Толымдылық деңгейі 50% аспайды, әр үстелге 4 орыннан рұқсат беріледі. Әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтау қажет.

Сондай-ақ, жаңа қаулыда сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан тамақтандыру орындары мен фудкордтардың жұмысын шектеу жайы қарастырылған.

Олар сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін алдын ала жазылу арқылы тек дайын тамақты үйіне жеткізу бойынша қызмет ете алады.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық