jasqazaq.kz

Демалыс саябағында жасөспірім тапаншамен ұсталды

04 маусым 2019, 14:17


Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен жүрген 15 жастағы жасөспірімді ұстады.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 маусым күні сағат 18.20 шамасында болды. Қоғам тыныштығын күзетіп жүрген, құрамында лейтенант Мақсат Қуанышев, қатардағы жауынгерлер Қуаныш Байдолұлы, Ерлан Нұрмағамбетов бар топ қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағында күдік келтірген жасөспірімді қолға түсірді. Ол қашпаққа әрекеттенген. Куәгерлердің қатысуымен оның қара түсті сөмкесі тексеріліп, ішінен «Байкал» МR-651К» пневматикалық тапаншасы табылды. Бұдан кейін жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушының қару ұстауға рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Тапанша сараптамаға жіберіліп, иесі кім екендігі анықталуда. Жасөспірімнің тапаншаны не себепті ұстап жүргендігін тергеу орындары анықтайтын болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде