jasqazaq.kz

Демалыс күндері локдаун күшінде қалады

09 қыркүйек 2020, 11:24

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аурудың таралуын болдырмау үшін бірқатар шектеу шарасы күшінде қалатынын жария етті.
«Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы күресте қоғамның рөлі өте маңызды. Алдын алу шаралары қаншалықты сақталса – жағдай соншалықты жеңіл болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшыларының пайымдауынша, мемлекеттердің үкіметтері белсенді түрде басшылық ету жауапкершілігін алып, ал халық шектеу шараларын сақтап, маска киіп, бұқаралық шараларға бармауы тиіс. ДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесустың ойынша, бұл – соңғы пандемия емес. Тарихтың өзі індеттің өршуі – өміріміздің бір бөлігі екенін ұқтырады. Швейцарияның федеративті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстанды азаматтары келген кезінде карантин сақтауы тиіс мемлекеттердің тізімінен алып тастағанын атап өту керек», — деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Швейцарияға басқа мемлекеттерден келген азаматтар карантинге жатқызылады. Ондағы бұл тәртіп 7 қыркүйектен бастап күшіне енген. ҚР Денсаулық сақтау министрінің айтуынша бұл жағдай – Қазақстанның коронавируспен күресте дұрыс тактиканы таңдап алғанын көрсетеді. «Аурудың таралуын болдырмай, жағымды динамиканы сақтау үшін бірқатар шектеу шарасы мен демалыс күндердегі локдаундар күшінде қалады», — деді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия