jasqazaq.kz

«Демалмай тұрдық». Маска тақпай суретке түскен депутаттар қызу талқылануда

20 қантар 2021, 10:38

Семейдің мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов жаңа шақырылым депутаттары маскасыз және әлеуметтік қашықтықты сақтамай отырған суреттеріне қатысты пікір білдірді. Депутаттар VII шақырылған Мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында суретке түскен, артынша ол әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен, — деп хабарлайды Arnapress.kz.

Ақжаловтың сөзінше, депутаттар тек екі рет суретке түскен. Біріншісінде маскамен отырған.

«Сосын адамдар маскасыз естелікке суретке түсуді сұрады. Арамызда екі-үш білікті дәрігер бар, олар 30 секундтай демалмай тұрсақ бірден суретке түсіріп алатынын айтты. Бұл ешқандай заң бұзушылық емес. Біз жүріп, орнымызды ауыстырған жоқпыз. Тек масканы шешіп, суретке түсіп, қайтадан тағып алдық. Ешқандай бүлік көріп тұрған жоқпын», — дейді ол.

Депутаттар түскен суретті Семейдің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы зерттеп жатыр.

«Біз мәслихат хатшысына қайтадан жібердік, ол жауап беруі керек. Олар бір минутқа масканы шешіп, суретке түскендерін айтады. Олай, әрине, болмайды, қазір әлеуметтік қашықтықты сақтау керек, барлық жерде маска тағу режимі. Біз өз тарапымыздан бақылауға аламыз», — деді басқарма басшысы Берік Тілебалдин.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде