jasqazaq.kz

Декларациялаудың ерекшеліктері талқыланды

11 желтоқсан 2018, 12:52


Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің төрағалық етуімен және «Нұр Отан» саяси партиясының Шымкент қаласы филиалының төраға орынбасары Бегайдар Мұсаұлы Төлегенов, «Атамекен» Шымкент қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәрмен Данияр, жауапты мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған (СЭҚ саны-30) «Кедендік декларациялаудың кейбір ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шараны Департамент басшысы Нұралхан Көшеров кіріспе сөзбен ашты. Ол өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының 38 қадамында экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу, электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу), экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту» тапсырылғандығын атап өтті.
Ұлт жоспары мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексімен Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларғадекларацияны ұсыну міндетті түрде электрондық түрде жүзеге асырылуы қарастырылған. Осы жүйенің негізгі мақсаты кедендік ресімдерді жылдамдату, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақыттық және қаржылай шығындарын қысқарту, электронды декларациялау жүйесін енгізу, құжаттар санының қысқаруына мүмкіндік туғызу, алдын-ала ақпаратты ұсыну және кедендік декларацияны шығару, ең бастысы кеден органы мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тікелей қатынасын қысқарту арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту болып табылады. Әрі қарай кеден саласының бірқатар мамандары баяндама жасады. «Тауарларды шартты түрде шығаруды қолдану және кедендік декларацияларды кері қайтару тәртібі туралы» — Кедендік бақылау басқармасының басшысы Т.Тұрғанбаев; «Кедендік құн мәселелері бойынша кеңес берулердің мерзімі мен ережесі туралы» — Тарифтік реттеу басқармасының басшысы А.Саметова; «АСТАНА-1″ ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау үшін сыртқы қолданушыларды тіркеу тәртібі туралы» — Кедендік бақылау басқармасының жетекші маманы А.Иманалиев. «Дөңгелек үстел» соңында қатысушыларға «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасаудың негізгі ерекшеліктері, басшылардың азаматтарды қабылдау күні және кеден бекеттерінің байланыс сымтетіктері көрсетілген брошюралар үлестірілді. Іс-шара жоспарланған бағдарлама аясында, ұйымдастырушылар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың белсенді пікір алмасуы арқылы сәтті өткізілді.

Жарас Шөке

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр