jasqazaq.kz

ДДҰ: Қытай коронавирусты зерттеуге рұқсат бермеді

01 мамыр 2020, 15:05

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Қытайдағы қауіпті індеттің таралу ошағын зерттеуге бірге қатысуға сұрау салған, алайда оларды шақырмады.

Аталған басылымға сұхбат берген Қытайдағы ДДҰ өкілі Гауден Галеа қауіпті індеттің таралу ошағын зерттеу өте маңызды екенін айтады.

«Қытайда ұлттық тексеріс жүріп жатқанын білеміз, алайда бізді оған шақырмады. ДДҰ елдің денсаулық сақтау комитеті мен билігіне сұрау салды. Вирустың таралу ошағын анықтау, жанауарлар мен адамның өзара байланысын зерттеу өте маңызды. Біз мұндай жағдай қайталанғанда оның алдын қалай алу керектігін білуіміз керек», — деді ол.

Сонымен қатар, ол қолда бар деректерге сүйене отырып бұл жануарлардан тараған вирус екенін, қолдан жасалмағанын айтты.

«Дегенмен Женевадағы ДДҰ-ның штаб-пәтеріндегі сарапшылар Ухандағы зертханаға кіруге рұқсаты болмай тұр. Зертханада толтырылған журналдағы мәліметтер кез-келген баяндаманың бір бөлігі болу керек еді. Бұл ошақты толықтай зерттеуге қажет», — деді ол.

Галеа сондай-ақ, коронавирус алғаш тарала бастағанда Қытай толық мәлімет бермеді деген ойын білдірді. Қаңтардың 3-16 аралығында Уханда қауіпті вирус тарап жатқан кезде Қытай билігі 41 адамның коронавируспен ауырғанын мәлімдеген. Алайда сарапшылар оған сенбейді, ауырғандар саны одан әлдеқайда көп болу керек деген ойда.

Дереккөз: Baq.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия