ДДҰ: Дүниежүзіндегі өмір сүру ұзақтығы екі жылға қысқарды

24 мамыр 2022, 17:50

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович COVID-19 пандемиясы кезінде өмір сүру ұзақтығының екі жылға қысқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ДДҰ Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович:

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы өлім-жітімді есептеу туралы жаңа деректі жариялады. Соған қарап, пандемия кезінде біз әлемде өмір сүру ұзақтығы екі жыл қысқарғанын байқап отырмыз.

IV Халықаралық «Health age. Белсенді ұзақ өмір сүру» конгресінде сөйлеген сөзінде Мелита Вуйнович қазір өмір сүру ұзақтығы 72 жарым жастан 71 жасқа дейін қысқарғанын айтты. Мұндай қысқару 1950 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Сонымен қатар Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирус инфекциясы таралуы әлемнің 70 елінде өсіп келеді. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс бұл өсім COVID-19-ға тестілеудің күрт қысқаруы аясында және шектеу шараларының алынып тасталуымен байланысты деп түсіндірді.

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды