jasqazaq.kz

ДДСҰ: «Дельта-штамм» Ухань вирусынан екі есе жұқпалы

25 маусым 2021, 10:29

«Дельта штамы» бастапқы SARS-CoV-2 коронавирусымен салыстырғанда екі есе жұқпалы (жұқпалы аурулардың ауру организмдерден сау организмдерге жұғатын қасиеті), деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас ғалымы Сумья Сваминатан бейсенбіге қараған түні сұрақ-жауап сессиясында хабарлады.

Оның айтуынша, «үнді» штамм қазір 85-тен астам елде тіркелген.

«Дельта штамының» таралу жылдамдығын ескерсек, басқа штамдарды басып озып, ол әлемдегі доминант штамға айналуы мүмкін, — деді Сваминатан.
ДДСҰ сарапшысы вирустың бұл түрі бастапқы вирусқа қарағанда кем дегенде екі есе оңай берілетіндігін, сондықтан «бір адам екі емес, төрт, алты, тіпті сегізге жұқтыруы мүмкін» деп түсіндірді. Осыған байланысты ол қазіргі кезде пандемияның басталуымен салыстырғанда барлық отбасы мүшелері ауыратын жағдайлардың көп болатындығына назар аударды.

Коронавирустың үнді штамы Үндістанда өткен қазан айында табылды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, маусымның ортасына қарай ол 90-нан астам елде табылған, инфекцияның жоғары деңгейі және кейбір шектеулерден бас тарту оның жылдам таралуына әкеліп соғып жатыр.

Ұйым сарапшысы Мария ван Керхове, алдын-ала мәліметтер бойынша, «дельта штамы» аурудың ауыр ағымының қаупін арттыратынын нақтылады. Алайда, жаңа штамның басқаларға қарағанда бірден өлімге әкеліп соқтыратындығы туралы ешқандай дәлел жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия