jasqazaq.kz

DAZN Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегіне қатысты түсінік берді

21 маусым 2019, 12:11

 Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында үшінші жекпе-жек жөнінде келіссөз жүріп жатыр.

Екі жақ ортақ келісімге келе алмай, айқас өткізетін алаңға қатысты қарама-қайшылық туындаған болатын. Өйткені, Golden Boy мен «Канело» жекпе-жекті Лас Вегаста өткізгісі келеді, ал Головкин бұған түбегейлі қарсы. Осыған қатысты DAZN стриминг платформасының атқарушы директоры Джон Скиппер түсінік берді. Қос боксшы да осы сервиспен келісімшартқа отырған. «DAZN платформасының жетекшісі Джон Скиппер «Канело» мен Головкиннің үшінші рет қолғап түйістіруін талап етіп отыр. Ол спортшылар үшін келесі жекпе-жек болуы керек және тезірек өтуі керек, себебі стриминг-сервис екі боксшымен де қомақты келісімшарт жасаған. Сондықтан жазылымдарды көбейту үшін бұл айқас платформаға өте қажет», — деп жазады Boxingscene.com.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде