jasqazaq.kz

Давид Дегтярев Токиодағы Паралимпиадада ел қоржынына алтын жүлде салды

26 тамыз 2021, 16:31

Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен 174 келі нәтижемен «алтын» иеленді, деп хабарлайды  Оlympic.kz.

Бұл салмақта француз Бурлон Аксель (165 кг) «күміс» жүлде, ал «қола» жүлде грек Бакочристос Димитриоске (165 кг) бұйырды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындары аясында бірінші марапатқа ие болды. Давид Дегтярев 1996 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келді. Давид пара пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналыса бастады. Жеке жаттықтырушы-Колесников Юрий Николаевич. 2021 жылы Тблисиде өткен Әлем Кубогінде ол 185 кг-ға дейін салмақ көтеріп, Азия рекордшысы болды. Айта кетсек, Қазақстан тарапынан 26 параспортшы 7 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын қорғайды. Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызынан – 5 қыркүйек аралығында Токиода өтіп жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия