
Арал тұрғыны бюллетень салатын жәшікті теуіп сындырды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевқа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
«Бір-екілі оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Мысалы, Қызылорда облысының Арал қаласында №42 сайлау учаскесінде, таңертеңгі 9-да Ысқақов деген азамат мас күйде келіп, сайлау жәшігін аяғымен теуіп сындырды. Қазіргі уақытта ол кісі медициналық мекемеге жеткізіліп, әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр», — деді М.Қожаев. Жалпы, оның атап өтуінше, сайлау өткізу күні құқықтық тәртіп мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр.