
ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Саргазин сайлау заңнамасын бұзу туралы әлеуметтік желілерде тараған материалдарға қатысты түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Бүгін таңнан осы уақытқа дейін прокуратура органдарына дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағымдар мен арыздар түскен жоқ. Дегенмен жекелеген адамдар әлеуметтік желілерде жасанды резонанс тудыру мақсатында «бүгін орын алған деп» сайлау заңнамасын бұзушылықтары туралы жалған материалдарды таратуды. Біз осы материалдарды тексердік. Олардың қазіргі сайлау науқанына қатысы жоқ», — деді Азамат Саргазин.