jasqazaq.kz

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр ажырасқандарын мәлімдеді

11 шiлде 2020, 10:32

Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет пен актер Дәурен Айдарқұлов ресми түрде ажырасты. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

«Дәуренмен ара-қатынасымыз заңды түрде тоқтады. Ендігі жерде ешкімді кінәлап, біреуді даттаудың керегі жоқ шығар. Саналы түрде осындай шешімге келдім. Бір басыма жетерлік өмір сынақтарынан өтіп жатырмын, алда не күтіп тұрғаны да беймәлім. Айтарым, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, қалғаны тағдырдың жазғаны», — деп жазды Instagram-дағы парақшасында Ақбота-Нұр Сейтмағамбет.

Бұл жаңалыққа қатысты Дәурен Айдарқұлов та түсініктеме берді.

«Төрт жыл бұрын «Гламур для дур» фильмінің кастингінде Ақботамен танысу менің өмірімнің түпкілікті өзгеруіне себеп болды. Міне, 4 жылдан кейін біздің қарым-қатынасымыз, өкінішке қарай, тоқтады. Біз ажырасамыз. Ажырасу себебін жария етпейміз. Біз барлық күшімізбен некені сақтап қалуға тырыстық», — деп жазды Instagram-да актер.

Айдарқұлов Ақбота-Нұрмен жақсы қарым-қатынаста қалғанын, бір-бірін құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ, оған балалы үшін рақметін айтты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия