jasqazaq.kz

Дәурен Абаев: Журналистерді аккредитациялау тәртібін өзгертеміз

19 ақпан 2019, 12:51

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді аккредитациядан өткізу және тақырып бойынша сұрақ қою мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Министрдің айтуынша, журналист нақты бір маманның құзіретіне жататын кез келген сұрақты қоюға құқылы. Бірақ іс-шара басқа тақырып бойынша өтуі мүмкін. Ал модератор сол тақырып бойынша сұрақ қоюға талап етеді. «Енді модератор алдын ала тақырыпты жариялап, тек соған қатысты сұрақ қоюға өтініш жасай алады. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бірақ іс-шарадан кейін маман, я болмаса шенеунік өз құзіретіне жататын кез келген сұраққа жауап беруге міндетті. Ол үшін журналистің аккредитациясын ешкім алып қоймайды. Аккредитация туралы ережелерде ыңғайсыз сұрақтарға қатысты ештеңе жазылмаған», — деді Д.Абаев журналистерге берген сұxбатында. Оның сөзіне қарағанда, ережеде ыңғайсыз сұрақтарға қатысты ештеңе жазылмаса да, модератордың тәртібі сақталмаған жағдайда журналисті аккредитациядан айыру мәселесі бар. «Біз оны алып тастайтын шығармыз. Сосын аккредитациядан өткен журналистердің санына қатысты бір мәселе бар. Біз барлық редакцияларды қамтуға тырысамыз. Бірақ кей басылымдар 5-7 журналисті аккредитацияға жібереді. Содан орын жетпей жатады. Ол жағын да қарастыратын боламыз. Аккредитация үшін журналистің келісімшартын көрсету міндетін де алып тастаймыз», — деп атап көрсетті Д.Абаев. Осы орайда министр журналистерді жазбаша ұсыныс беруге үндеді. Аталған тақырыпты кеңінен талқылау үшін арнайы жиналыс та өткізуге келісті.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда