jasqazaq.kz

Дәурен Абаев: Жалған ақпарат тарататындарды арнайы топ тергейді

03 сәуiр 2020, 20:47

#үйдеотыр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирусқа қатысты жалған мәлімет таратушылардың ешқайсысы жазасыз қалмайтынын тағы да ескертті.

«Қазір барлық Полиция департаменттерінде осындай жалған ақпараттарды және оны жариялаған адамдарды анықтайтын арнайы жұмыс топтары бар. Бүгінде осындай дерек бойынша 41 іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Барлық кінәлілер жазаланады», — деп айтты ол кезекті онлайн-брифингте.

Мессенджерлерде Қазақстанға қатысы жоқ видеоларды «бізде болған» деп таратуға да болмайды.

«Азаматтар өздері де байқамай, ескі видеоларды, басқа елдерде болған оқиғаларды бізде болған екен деп ойлап, таратуда. Әртүрлі жалған аудиожазбалар тарап жатыр. Оған кейбір адамдар сенуде. Мұның барлығы қоғамда үрей туғызады. Сондықтан тек ресми ақпарат көздерін ғана қарап, сол жердегі мәліметке ғана сеніңіздер», — деп түсіндірді Абаев.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді