jasqazaq.kz

Дәурен Абаев: Ұшақпен ұшатын азаматта анықтама болуы керек

27 сәуiр 2020, 23:15

#үйдеотыр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы арасында ұшақпен ұшатын жолаушы қандай шарттарды орындауы керектігін мәлім етті.

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында бірінші кезеңде күніне 4 рейс жасау жоспарлануда. Оның ішінде екі рейс «Эйр Астана», бір рейс «Флай Арыстан», бір рейс «Скат» компанияларына тиесілі. Олар билет құнын карантинге дейінгі деңгейде ұстау міндетті. Ал жағдай түзелген сайын рейс санын, ұшақ сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады. Әуе тасымалы, көліктегі бас санитралық дәрігер бекіткен күшейтілген санитарлық талаптар арқылы жасалады. Ұшу үшін жолаушыда COVID-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтама болуы керек», — деді Дәурен Абаев «Хабар24» арнасындағы онлайн баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, анықтаманың жарамдылық мерзімі пысықталып жатыр.

«Жолаушыда жеке қорғаныш құралдарын қолданып, маска, қолғап киюі керек. Тиісті қашықтықты сақтауы қажет. Әуежайда және ұшақта күшейтілетін дезинфекция жасалады», — деді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия