jasqazaq.kz

Дәурен Абаев вирустан сақтану жолын айтты

28 наурыз 2020, 17:28

#үйдеотыр

Ауру белгілері бірден білінбеген адам үйде отырмаса – басқалардың обалына қалады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты.

«Италияда бір күнде 969 адам осы вирустан көз жұмды. Мұның бәрі сақтық шараларына салғырт қараудың нәтижесі. Бұл жағдай бәрімізге сабақ және ескерту болуы керек. Коронавирус әсіресе жасы үлкен адамдарға қауіпті. Олардың ішінде атамыз бен әжеміз, атамыз бен анамыз бар. Өзіміз үшін қорықпасақ та, ең болмаса сол үлкендерімізді ойлайық», — дейді Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.

Ол кейбір адамда ауру белгісі бірден білінбеуі мүмкін екенін айтты. «Мұндай жағдайдада адам үйде отырмаса, басқаларға жұқтырғанын өзі білмей қалады. Осылайша ондаған отбасының обалына қалуы мүмкін. Осындай жағдайдан сақ болайық. Қазіргі уақытта вирусқа қатысты ең тиімді күрес – карантин режимін сақтау», — дейді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия