jasqazaq.kz

Дәурен Абаев әлеуметтік желінің бұғатталуына қатысты пікір білдірді

14 мамыр 2019, 11:58

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің әлеуметтік желінің бұғатталуына еш қатысы жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген аталған ведомствоның басшысы Дәурен Абаев айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланысқа жауап бермейді, яғни қызметіне кірмейді. Қазір мен лайықты деңгейде пікір білдіре алмаймын. Бірақ, шынымен де правайдерлер техникалық ақаулардың болғанын айттып отыр. Қандай техникалық проблеманың болғанын солардан сұрау керек», — деді министр.

Сонымен қатар, ол алдағы уақытта мұндай проблеманың болмауы тиістігін баса айтты.

«9 мамырда байқалған проблемалар 9 маусымда тағы қайталанады деп ойламаймын. Өйткені, провайдерлер ол уақытқа дейін техникаларын жөндеп үлгерер», — деді Д.Абаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде