jasqazaq.kz

Дәурен Абаев: Әбілқасымоваға ғана кінә арту әділетсіз

07 ақпан 2019, 12:36

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың отставкаға кетуі жөніндегі әлеуметтік желідегі талапқа қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Тым қайғылы жағдай орын алды. Қаралы отбасының басынан кешіріп жатқан күндерін ең қорқынышты түсіңде де елестету мүмкін емес. Бүкіл ел қазір бес бүлдіршіннің ата-анасымен бірге қайғы жамылып отыр» , — дейді Дәурен Абаев. Сондай-ақ, министр қазіргі таңда әлеуметтік желіде тарап жатқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың отставкаға кетуі туралы талаптың әділетсіз екенін түсіндірді: «Алайда, менің ойымша, балалардың өлімі бойынша министр Әбілқасымоваға ғана бар кінәні арту әділетсіз болар еді. Келісемін, ешкім де жауапкершіліктен жалтармауы керек. Айналып келгенде, біз — бүкіл мемлекеттік аппарат — елімізде болып жатқан барлық жайларға жауаптымыз. Бір нәрсені түсінуіміз керек, осы қайғылы оқиғаға бір ғана емес, бірнеше фактор себеп болды және барлық мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысы шеше алады деуге келмейді. Мәдина Ерасылқызының өзі де, әйел ретінде, үш баланың анасы ретінде бұл жағдайды ауыр қабылдады. Сол себепті, тек конструктивті сын қалып, арандату тоқтайды деген үміттемін. Оның үстіне мен министр Әбілқасымованы өз ісіне адал кәсіпқой маман ретінде білемін», — дейді Дәурен Абаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда