jasqazaq.kz

Дәулет Ниязбеков алтынға таласады

19 қыркүйек 2019, 18:02

Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ниязбеков финалға шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Отандасымыз жартылай финалда әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған үндістандық Баджранг Пунияны ұтып, күрес түрлерінен әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Ниязбековтің қарсыласы осыған дейін әлем чемпионаттарында күміс және қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ, Азия чемпионатында екі мәрте чемпион, сондай-ақ Азия ойындарында бір рет чемпион атанған еді. Міне, осындай тәжірибелі балуанды жерлесіміз жартылай финалда жарыс жолынан тайдырды.

Жерлесіміз Ниязбеков те осал балуан емес, ол — 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, үш рет Азия чемпионы атанған. Енді Дәулет әлем чемпионатының алтыны үшін сынға түседі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда