jasqazaq.kz

Дау туғызған құлыптасқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

28 қазан 2019, 21:43

Өскеменде сауда үйіндегі сорақылыққа қатысты вандализм бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ал бейнесі еденде бедерленген марқұмдардың туысқандары кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс деп есептейді. Өскеменде сауда үйлерінің бірінде еденнің құлпытастан құрастырылғаны анықталып, ол тұрғындардың наразылығын тудырған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сауда үйіндегі сорақылықтан шошынғандардың бірі – Наталья Андреева. Оның әкесі 2004 жылы дүниеден өтіпті. Осыданбес жыл бұрын ол бейіт басындағы құлыптасты жаңартуға шешім қабылдайды. Алайда шеберлер белгі тасты қалпына келтірмей, қайтадан жасаған көрінеді. Енді әкесінің құлыптасқа қашалған суреті қалай сауда үйінің еденіне тап болғанын түсінбеген Наталия, кінәлілер «жауапқа тартылуы тиіс» дейді.

Наталия Андреева, марқұм Евгений Кречетовтің қызы:

— Марқұмның бейнесі мыңдаған адамның табанының астында жатуға кім рұқсат берді? Кінәліні жазаға тарту қажет. Бұл жеке ақпарат. Мен суретті қолдануға ешкімге рұқсат бермедім. Егер ескі құлыптасты бізге қайтармады ма, онда әр түрлі жолмен жойып жіберуі керек еді. Қазір осы іске қатысты полицияға арыз түсірдім.

Өткен аптада Өскемендегі сауда үйлерінің біріндегі құлыптастан құрастырылған еден елдің зәре-құтын қашырып, табан астынан марқұмдардың бейнесін көрген жұрт сауда үйіне бас сұғуға қорқып қалған. Ал ғимарат иесі ескерткіш тастардың қалдықтарын шеберханадан сатып алғанын айтып ақталса, шеберхана директоры қолданар кезде сұрыптау керек еді деп құтылған. Алайда полицейлер елді дүрліктірген оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Денис Еримбесов, Өскемен қалалық ПБ тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

— Қылмыстық кодекстің вандализм бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондықтан әзірге нақты ештеңе айта алмаймыз. Бірақ ескерткіш тастарды кім жеткізді, қалай тап болды, бәрін анықтадық.

Егер құлыптасты еденге төсегендердің кінәсі дәлелденсе, жарты миллион теңге айыппұл төлейді немесе 70 күнге қамалады

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді