jasqazaq.kz

Дау тудырған Константин Горожанкинге қатысты тергеу басталды

10 тамыз 2018, 14:49

«Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Константин Горожанкинге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz.

ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі 8 тамыз күні Ішкі істер министрлігіне ресми өтініш жолдады. Аталған факт Алматы ішкі істер департаментінде «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша тіркелген және осыған сәйкес алдын-ала тергеу жұмыстары басталды.

Евгений Кочетовтың айтуынша, Горожанкин ғаламтор индустриясының беделді өкілі және Қазақстанның IT-қоғамдастығында да абыройлы адам болғандықтан, директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып сайланды.

Сондай-ақ, «Қазконтент» АҚ-ның тәуелсіз мүшелері тегін жұмыс жасайды екен. Яғни, Горожанкин ресми түрде «Қазконтент» АҚ-ның қызметкері емес және атқарған қызметі үшін жалақы алмайды.

«Сол уақытта оның жұмысының сапасына ешқандай шағым болмады. Алайда, оның соңғы мәлімдемесі Қазконтент-тің жұмысына мүлде үйлеспейді. Осыған байланысты Константин Горожанкин «Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің мүшесінен шығарылды, енді ол тәуелсіз директор емес», – деді ол.

Горожанкин 6 тамызда Түркістан облысында 7 жасар баланың зорлануына қатысты тергеудің аяқталғаны туралы мәлемдеме жасағаннан кейін сот алдында жауап бергелі тұр. «Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі жазған жазбаға Facebook қолданушыларының бірі «Жергілікті жастар арасында осындай гомосексуалдылық деңгейінің себебі неде?» деген сұрақ жазып қалдырып кеткен. Ал, Горожанкин болса бұл “қанда бар” деп жауап беріп, қоғам арасында үлкен дау тудырды.

«Бұл қанда бар. ХІХ ғасырдағы саяхатшылардың жазбаларында Қазақстандағы жергілікті халық арасында гомосексуализмге қатысты жи айтылады»,-деп жауап берген.

Осы жазба жарияланғаннан бері бұған қатысты жүздеген наразылықтар жиналды. Facebook қолданушылары, оның ішінде Қазақстандағы танымал белсенділер Горожанкиннен кешірім сұрауын талап етіп, “Қазконтент ” басшылығынан оны қызметінен босатуды сұрады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде