jasqazaq.kz

Дәстүрлі әншілер мен термешілер сайысқа түсті

03 маусым 2022, 16:38

Шымкент қаласының Түркістан сарайында «Рухани жауһарлар» атты республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілердің байқауы басталды. Конкурстың салтанатты ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

–Алдымен, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің конкурс қатысушыларына құттықтау сөзін жеткізуді рұқсат етіңіздер. Бүгін бәсекелестікке толы байқау болғалы тұр. Қазақ сахарасында өнерпаз болып дүниеге келмеу мүмкін емес. Өйткені кең даланы сыртқы жаудан қорғау үшін, ішкі бірлікті сақтау үшін бір рухани тірек керек болды. Дәстүрлі ән, терме сол тіректің рөлін атқарды. Ғалымдар қазақтың ән дәстүрінде 40-тан астам жанр бар деп айтады. Ұлтымызды ғасырдан-ғасырға дәстүрін жоғалтпай жеткізген – сол қазақ өнері. Оны сақтау бүгінгі ұрпақтың мойнына артылған аманат, -деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

«Рухани жауһарлар» байқауының жобалық авторы журналист, Анар Сүлеева болса, оған қала әкімдігі тарапынан ұұйымдастыру жағынан қолдау көрсетіп отыр.

–Бұл байқаудың мақсаты–Оңтүстік өңірінің дәстүрлі ән және терме өнерін насихаттау, ұмыт бола бастаған жырларды қайта жаңғырту. Сондай-ақ қазақтың домбырасының қоңыр үнін сахнада әуелетіп, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі ән-жыр мектептерінің мақамдарын тірілту, — деді А.Сүлеева.

Көрермендер қазақ халқыныңы ғұрыпынан сыр шертетін әндерді тыңдап, рухани кеште әншілерді қошеметке бөледі. Конкурсқа Рамазан Стамғазиев сынды елімізге белгілі өнер майталмандары қазылық етті.

Өнер қайраткері байқауда халық әндері мен халық композиторларының шығармалары орындалатынын жеткізді. Сондай-ақ конкурс талабына сай бір ән оңтүстік жыр мектебінің туындысы болуы шарт. Яғни әрбір қатысушы қатарынан 3 ән орындайды. Өнер сайысында жеңіске жеткендерге қомақты жүлде қарастырылған.

Сонымен, 2 күнге жалғасқан сайыс нәтижесінде дәстүрлі ән бойынша А.Ермекбаева, Ә.Бекниязов, Б.Нуриддинұлы, Б.Айтахметов, Н.Жуасбеков арнайы номинацияның иегерлері атанды. Осы ән дәстүрі байқауында ІІІ орынды А.Дәуен, ІІ орынды А.Сағындық, І орынды О.Жаңабаев ұтып алса, бас жүлде Қ.Сынабайға бұйырды.

Терме сайысында А.Рустамов, Д.Рахман, Ж.Жәнібек, А.Қонысбаева, Ж.Оспанқұлов арнайы номинациялық жүлделермен марапатталды. Терме айту жарысынан ІІІ орын К.Түрікпен, О.Құлсымақов, ІІ орын Ә.Мырзағалиев, Б. Көштаев, І орын Е.Құрасбек еншісіне тисе, гран-при жүлдесімен Р.Ахинбеков марапатталды.

Өнер додасы марапаттау рәсімінен соң дәстүрлі әншілердің қатысуымен өткен гала-концертке ұласты.

 

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде