jasqazaq.kz

Дастан Оразбеков Төреғалидің әкесімен жаға жыртысқанын ашық айтты

12 ақпан 2018, 10:23

“Орда” тобының әншісі Дастан Оразбеков Төреғалидің әкесі Төреәлі Төлеповпен жаға жыртысқанын ашық айтты. Айтуынша, аталған жайт “Жұлдызды жекпе-жек” жобасында орын алған. Бұл туралы Оразбеков Зарина Мүсілімнің авторлық бағдарламасына берген сұхбатында баяндады, деп жазады Stan.kz.

Сұхбат барысында журналист бір кездері Төреғалидің әкесінен қоқан-лоққы көргенін айтып, Дастанның басынан өткен жайт туралы сұрады.

“Шынымен де болған жайт. Бірақ мен оны айтып алыстатқым келмейді. Өйткені ер-азамат болғаннан кейін өз арамызда қалу керек шығар деп ойлаймын.

Менің ойымша, әрбір ер-азаматтың бойында тәнті болатын дүние – мінез. Сені біреу ұрып жатса, қарап тұрмау керексің. Ол намыс. Кейде үндемеуге болады. Оның өзі де бір әдіс. Ал енді саған қол жұмсаса, оған көз жұма қарауға болмайды. Оның үстіне Жамбыл өңірінің азаматы болғандықтан, бойымызда қызу қан бар. Енді болған нәрсе болды”, – дейді Дастан.

Сұхбат барысында әнші мәдениетсіз адамдардың мәдениетті насихаттап жүргеніне қынжылды. Алайда Төреғалидің өзін өнерлі азамат ретінде сыйлайтынын атап өтті. Айтуынша, әншінің атына қара дақ түсіретін көбінесе әкесі.

“Баласының өнерден хабары бар. Суырып салма ақын. Айтыскер, сөйлеу әдісі, сахнада өзін өзі ұстауы, бойында мәдениеті бар азамат Төреғали. Әкесінің кесірінен, оның мәдениетсіздігін баласына жүк қылып артып қойған дұрыс емес шығар деп ойлаймын.

Төреғалиді өнер азаматы ретінде сыйлаймын. Бәріміз де жас болдық, бәріміздің де қателігіміз болдық. “Жас өспей ме, көкейді теспей ме” дегендей. Ол да басылатын дүние. Ол да өзін есепке алып, ойланып, қателіктерін түзейді деген үміт бар. Өнер азаматы болғаннан кейін не нәрседен болмасын жарық дүние іздеп тұрамыз”, – дейді Дастан.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді