jasqazaq.kz

Дәріxана заңды белден басты: мұнда дәрі-дәрмек қымбат!

10 сәуiр 2020, 14:59

#үйдеотыр

Алматыда 5 дәріхана ұйымында дәрі құны заңсыз көтерілген. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова онлайн брифинг барысында мәлім етті. Оның айтуынша, Алматы бойынша ТЖ жағдайында әлеуметтік маңызы жоғары 103 дәрілік заттың атауы тізімделген. «Бұл дәрілердің бағасын көтермеу жайлы қалалық әкімдік пен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының арасында меморандумға қол қойылған. Алматы әкімдігі мен департамент қызметкерлері қаланың 8 ауданында күнделікті бағаларға мониторинг жүргізеді», — деп атап өтті Департамент басшысы. Тексеру нәтижесінде 135 дәріхана ұйымы ішінде 5 дәріханада дәрі бағасын негізсіз көтерілгені анықталды. «5 дәріханада дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған. Бұл меморандум мен бірқатар заңнаманы бұзу болып табылады. Дәріхана ұйымы басшысына хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды. Оларға 97 мың мен 235 мың теңге аралығында айыппұл қарастырылған», — деді Айзат Молдақасымова.

ҚазАқпарат

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова