jasqazaq.kz

Дәріханалардағы былықтың беті ашылды

02 шiлде 2020, 10:12

Дәріханалардың небәрі 60 пайызы ғана адал жұмыс істеп, бүкіл табысын көрсетіп отырады. Қалғаны не азайтып көрсетеді, не тіпті бақылау-кассалық машинасын қолданбайды. Аталмыш салаға талдау жүргізген мемлекеттік кірістер комитеті осындай былықтың бетін ашты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Комитет келтірген мәліметтерге қарасақ, елімізде барлығы 3 жарым мыңнан астам дәріхана тіркелген. Соның тек 2 мыңнан астамы ғана бүкіл табысын тиісті орындардан жасырмай көрсетеді. «Ал қалған 40 пайызы табысын жасырудың сан айласына барады», — дейді салықшылар. Дәрі саудасына қосымша құн салығы салынбайтындықтан, салық органдары оларды тексере алмайды. Ал онда едәуір ақша айналымы жүріп жатыр. Жаздың алғашқы екі аптасының өзінде елдегі дәріханалардың табысы 10 миллиард теңгеден асқан. Бірақ соның ішінде 99 дәріхана өзінің күнделікті ақша айналымын 5 мың теңгеден төмен деп көрсеткен. Күніне 700 және 1000 теңге деп, бір ғана түбіртекті көрсетіп отыратындар да бар екен.

Заңғар Шыңдалы, Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы:

— Дәріхана иелері онлайн-БКМ қолданбағаны анықталды. Бұл ретте олар өз қызметін тоқтатқан жоқ. 239 дәріхана иелері БКМ-ді күніне бірнеше рет қана қолданатын. Кейбір күндері қолданбаған. Демек, түсімді көрсетпеген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде