jasqazaq.kz

Дәрігерлердің жазасын тарттырмақшы

11 қазан 2019, 11:56

Қан жібермейді! Дәрігерлер баласын мұздатқышқа салып өлтірген атыраулық келіншектің туыстары кінәлілердің толық жазалануын талап етеді. Бетін көрсетпеуді өтінген сәбидің әжесі Алтынғаным Ілиясованың сөзінше, толғағы ерте келгенін біле тұра, дәрігерлер келініне қарамаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Өкініштісі, сол жерден неге босанатын залға апармаған?! Өздері кезінде ашық деп айтты ғой. Келінім патология бөлімінде төсектің үстінде жеңілдеп қалған. Сол жердегі акушерка ма, санитарка ма, кім алып кеткенін білмеймін, баланы алып кетіп қалады.

Жеті қыздан кейінгі жалғыз ұлының келіншегі жүкті екенін естігенде, енесінің қуанышы қойнына сыймапты. Келіні Нұржамал уақтылы дәрігер қабылдауына барып, күтіммен жүрген. Жүктілігінің алтыншы айында өзін кенеттен жәйсіз сезініп жедел жәрдем шақырады. Осылайша облыстық перинаталдық орталыққа түскен келіншек патология бөліміне жеткізіледі. Ақ халаттылар алғашқы көмек көрсеткеннен кейін келіншектің толғағы жеткенін айтыпты. Бірақ келіншек босану бөліміне апарылмай, потологияда туып қалған. Күнінен бұрын дүниеге келіп қатігездікпен көз жұмған баланың салмағы 810 грамм. Алғашында өздерін «көрер жарығы болмаса керек» деп жұбатқанымен, мұның бәрі дәрігерлердің ісі екенін естігенде абдырап қалдық дейді. Жүректері қан жылаған отбасы шақалақтың мәйітін алып арулап жерлеген. Енді антына адал болмағандардың жазасын тарттырмақшы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда