jasqazaq.kz

Дәрігерлердің зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін

03 сәуiр 2019, 11:10

Психо-эмоционалдық тұрғыда жұмысы ауыр дәрігерлерге зейнетке ерте шығу мүмкіндігі берілмек.  Келесі жылдан бастап кей дәрігерлердің зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі заңға осындай өзгеріс енгізбек. Ол тізімге хирургтер, акушер-гинеколог және неонатологтар кіреді.

Ай-күні жетпей туған нәрестелер мен туа біткен даму кемістігі бар бөбектерге күтім жасайтын неонатолог Ирина Цубенконың жұмысы аса жауапкершілікті талап етеді. Ол өз тәжірибесінде 24 апталық шала туған, салмағы 500 грамм ғана шақалақтарды да бағып-қаққан, деп хабарлады «Астана» арнасы.
«Бізге көбіне шала туған балалар түседі. Туа салысымен бізге әкеледі. Аналар сәбиін ешкімге бергісі келмейтіні түсінікті ғой. Эмоцияға беріледі. Олармен жұмыс жасау да оңай емес. Денсаулығында кінәраты бар нәрестелерге күтім жасау өте қиын. Олар сөйлей де алмайды. Өткен жылы біз осындай 40-қа жуық баланы қабылдап, күтім жасап шығардық», — дейді Ирина Цубенко.
Осындай психо-эмоционалдық тұрғыда жұмысы ауыр дәрігерлердің зейнетке ерте шығу мүмкіндігі болуы керек, дейді министрліктегілер. Тіпті заңға өзгерістер енгізуді қарастырып отыр. Бірақ, ертерек зейнетке шығу үшін, дәрігердің зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болу керек. Онда ай сайын тиісті 10 пайыздан бөлек, қосымша қаражат салуға тура келеді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегінше, бүгінде еркектер 9,1 миллион теңге қормен 55 жастан, ал әйелдер 13 миллион теңгемен 51 жастан зейнетке шыға алады.
«Бұрын КСРО кезінде жұмысы ауыр дәрігерлерге мұндай мүмкіндік берілген. Зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болса, біз 55 жастан демалысқа шығуды ұсынып отырмыз. Жұмыс өтілі де маңызды. Қанша жыл болуы керегі қазір талқыланып жатыр», — деп түсіндірді ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту РО менеджмент орталығының басшысы Салтанат Ыдырысова.

Sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда