jasqazaq.kz

«Дәрігерлердің үстемеақысын алып қойған». Қарағанды облысында аурухана директоры сотталды

13 желтоқсан 2022, 15:41

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы орталық ауруханасының директоры алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта оның қоластындағылардан ковид кезіндегі үстемеақының бір бөлігін алдап алғаны анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәрігерге қатысты қылмыстық іс Бұқар жырау аудандық сотында қаралған.

«Аурухана директоры алаяқтық жасады деп айыпталды. Ол аурухана қызметкерлерінен алаяқтық жолмен ковид кезіндегі үстемақысын алып қойған. Басшы 2,2 миллион теңге жинады», — деді Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі өкілі.

Сот үкімімен аудандық аурухана директорына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру және 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық