jasqazaq.kz

Дәрігерлер ыстан уланған төрт баланың жағдайын айтып берді

11 ақпан 2019, 15:12

Астана қалалық №2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмайылов иіс тиіп уланған балалардың жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Балаларды педиатр, реаниматолог және травматолог қарап шықты. Балалардың ешқайсысы күймеген, иіс тиіп уланған. Денсаулықтары жақсарған соң, екі үлкен баланы анасы алып кетті, тағы екі бала күрделі соматика бөлімінде ем алып жатыр. Олардың да жағдайы жақсарып келеді, әзірге тұрақты. Ертең немесе арғы күні ауруханадан шығарамыз», — деді бас дәрігер ауруханада өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек, Астанада екі қабатты жатақханада өрт шығып, одан 11 адам құтқарылған еді. Бір отбасының иіс тиіп уланған 2006, 2009, 2012 және 2013 жылға төрт баласы ауруханаға жеткізілді. Бастапқы болжамға сәйкес, өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда