jasqazaq.kz

Дәрігерлер үш жасар баланың өмірін құтқарды

12 тамыз 2020, 15:29
Шымкентте  дәрігерлер марганцовка ішіп қойған 3 жасар баланың өмірін аман алып қалды. 
Химиялық сұйықтық ішіп қойған үш жасар бала сегізінші тамыз күні ауыр халде Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдеммен жеткізілген. Марганцовка ішіп қойған бүлдіршіннің ауыз қуысы толықтай күйіпті.  Химиялық күйік шалған  баланың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызып, реанимациялық көмек көрсетті.
Анасының сөзінше,  балақай үйде ойнап жүріп бір  құтыдағы марганцовканы ішіп қойған.
Дәрігердің айтуынша, улы сұйықтық ішіп қойған бала  ауыр дәрежедегі токсикалық әсер алған. Жансақтау бөлімінде көрсетілген үздіксіз емнің арқасында  бүлдіршіннің денсаулығы  жақсарып, палатаға ауыстырылды. Қазір үш жасар бала  токсикологиялық бөлімшеде ем алуда.
Мамандар «Он жыл бұрын ішкі құрылысы күйген балалардың 80 пайызын өлім аузынан аман алып қалу қиынның қиыны еді дейді. Бүгінде медицинаның қарыштап дамуына сәйкес, ондай жағдайға тап болған бүлдіршіндердің өмірін сақтау қалуға мүмкіндік көп екен. Десе де, ол ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін  төмендетпеуі тиіс», – дейді.
Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова