jasqazaq.kz

Дәрігерлер шетелге кетуде

16 қазан 2020, 14:56

ДСМ республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев елдегі медицина мамандарының не себепті жұмыстан кететінін айтып берді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

«Медицина мамандары тапшылығының негізгі себебі – қызметкерлердің бір орында тұрақтамауы болып отыр. Өйткені, еңбекақы төлеу жүйесі толық жетілмеген, медицина қызметкерлерін ынталандыру, құқықтық қорғау мен әлеуметтік қолдау да өте төмен. Биылғы 10 қазанда жүргізілген зерттеуге сәйкес, бір жылда 31 129 медқызметкер (дәрігерлер мен орташа медициналық қызметкерлер) жұмыстан шыққан. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 9,3% төмен», — деді Қ. Төсекбаев Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингте.

Жұмыстан шығудың негізгі себептері ретінде қызметкердің өтініші, тараптардың келісімі, штаттың қысқаруы және басқа да жайттар көрсетілген. Басқа жайттар арасында маманның қайтыс болуы, ауруға ұшырауы, мүгедектік және зейнет жасына шығу себептері бар.

«Сыртқы миграция бойынша Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары көш бастап тұр. 2019 жылы медициналық білімі бар 1212 маман Қазақстан аумағынан көшіп кеткен. Олардың көшуінің басты себептері – тиімді ынталандыру тәсілдерінің болмауы, психоэмоциялық жүктеме, кәсіби даму мүмкіндіктерінің болмауы, құқықтарының төмен дәрежеде қорғалуы және әлеуметтік кепілдіктердің болмауы.

Сонымен бірге, медициналық білімі бар мамандардың ішкі миграциясына 11278 адам қатысқан. Әсіресе, Түркістан облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына медициналық мамандар көптеп ауысқан.

Айта кетейік, Қазақстанда 4122 штаттық орынға дәрігерлер қажет. Әсіресе, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, жалпы практикалық дәрігер, зертханашы дәрігер, акушер-гинеколог, инфекциялық дәрігерлер жетіспей жатыр. Орта медициналық қызметкерлер арасында 8583 бос штаттық орын бар.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия