jasqazaq.kz

Дәрігерлер шетелдік клиникаларда біліктіліктерін арттырады

06 қантар 2020, 12:03

Алдағы үш жылда тоғыз мыңға жуық облыс дәрігері озық шетелдік клиникаларда біліктіліктерін арттыратын болады. Олар — Англия, Израиль, Литва, Ресей, Польша, Корея, Украина, Италия мемлекеттерінің медициналық орталықтары.Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат  хабарлайды .

Соңғы үш жылда 5511 дәрігер, оның ішінде 276-сы әлемнің жетекші клиникаларында біліктіліктерін жетілдірді. Бұл дәрігерлерді даярлаудың үш деңгейлі бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Атап айтсақ, облыста денсаулық сақтауды дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Үш жыл ішінде 1080 жаңа медициналық жабдық сатып алынды. Роботохирургия, политравма, ортопедия және офтальмохирургия орталықтары ашылды. Сондай-ақ, Семейдегі жедел медициналық көмек ауруханасы негізінде гибридті операция залы ашылды. Алтай және Аягөз аудандарының орталықтарында ІІ деңгейлі инсульт орталықтары құрылды.

«Аймақтық медицинаға үздік технология мен инновациялық емдеу тәсілдерінің енгізілуіне байланысты дәрігерлердің біліктілігін арттыру басты назарға алынып отыр», — дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде