jasqazaq.kz

Дәрігерлер шекарадан өту үшін жалған анықтамалар сатқан

26 қараша 2020, 11:11

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері карантин кезінде Қазақстан аумағына заңсыз кіріп-шыққандарды анықтады. Бұл туралы комитеттің сайтында хабарланды.

ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен «Ж» жеке медициналық орталығымен ұйымдастырылған ҚР шекарасын заңсыз өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сату бойынша қызметі тоқтатылды.

«Биыл 18 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары кезінде жалған ДКК қорытындысын бақылау сатып алу нәтижесінде аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды.

Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленіп алынды», — дейді комитеттегілер.

Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, сәйкес экспертизаға жолданды.

ҰҚК мәліметінше, медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жалған ДКК қорытындыларын тұлғаларға сатып отырған. Сонымен қатар, шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда, қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланды.

«Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен ҚР ҚҚ 385 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

Нәтижесінде 2020 жылдың 19 қарашасында сотпен күдіктілер ҚР ҚҚ 385 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі болып табылып, әрқайсысына 1000 МЕК көлемінде айыппұл тағайындалды

Осы жылдың қыркүйегінен бастап 3 ШҚО тұрғыны жалған ДКК қорытындыларын пайдалану арқылы шекарадан заңсыз өту әрекеті тоқтатылды», — делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия