jasqazaq.kz

Дәрігерлер пальма құлап кеткен әйелдің жағдайы туралы айтты (видео)

11 наурыз 2019, 15:59

8 наурызда Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пальма құлап кеткен әйелге омыртқасы сынды деген диагноз қойылған. Бұл туралы № 2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Иван Ли айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Бізге 32 жастағы әйел жеткізілді. Ол келіп түскен кезде кеудесінде, омыртқаның бел-кеуде бөлігінің және сол аяқтың аймағында ауырсыну шағымдары болды», — деді Иван Ли брифингте. Оның айтуынша, оған толық тексеру жүргізіліп, дененің барлық бөлігінің рентгенограммасы, омыртқаның компьютерлік томографиясы, иық буынынан бастап тобыққа дейін және аяқтың рентгенограммасы жүргізілген. «Нәтижесінде он бірінші кеуде омыртқасының күрделі сынуы мен оқпанның компрессиясы және кеуде бөлігінің 5, 6, 7 және 8 омыртқаларының асқынбаған сынуы анықталды. Сонымен қатар, сол жіліншіктің сынғаны анықталды. Осы жарақаттың барлығы орта және ауыр дәрежеге жатады, емделуші төсек режимінде. Шокқа қарсы шаралар өткізілді, жағдайы қанағаттанарлық», — деді Иван Ли. Қазір, оның айтуынша, әйел отаға дайындалып жатыр, омыртқаға тұрақтандыру жүйесін орнату жоспарланған. Соның нәтижесінде әйелдің тез арада аяққа тұрып кете алатыны айтылады. «Бұрын мұндай зақымданулардың тактикасы консерватив болды, емделушілер төрт айға дейін төсекте болуға мәжбүр болды. Менің ойымша, ол мүгедек болмайды», — деді дәрігер. Дәрігерлер науқасқа омыртқа сынығын тұрақтандыратын және барынша тез өсуге мүмкіндік беретін металл құрылымдарын орнатады. Кейде мұндай конструкциялар өмір бойына қалады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда