jasqazaq.kz

Дәрігерлер науқастың сау аяғын кесіп тастады

08 қараша 2018, 11:29

Ресейдің Воронеж қаласындағы ауруханада дәрігерлер қателесіп науқастың сырқат емес, сау аяғын кесіп тастаған. Тергеушілер БАҚ-та жарияланған ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлады sputniknews.kz.

БАҚ-тың мәліметінше, еңбегі сіңген мұғалім, концлагерь тұтқыны Мария Дронованың оң аяқ табаны шіри бастаған. Ұлы оған шұғыл операция жасату қажеттігін түсіндіріп, ауруханаға апарған.

Науқасқа операция жасалып, дәрігерлер ота сәтті өтті деп сендірген. Алайда, ұлы палатаға кірген кезде, оң аяғын емес, сол аяғын – жамбастың ортасына дейін кесіп тастағанын көреді. Дәрігерлер науқастың екі аяғын да кесіп тастау керек болғанын мәлімдеді.

Дронованың ұлы оң аяқтың табанын кесіп алып тастау керектігі жазылған емхананың бағыттама құжаты жоғалып кеткенін айтады. Ол тергеу органдарына арыз жазды.

Ресейдің өңірдегі тергеу комитеті хабарлағандай, ауруханадан барлық медициналық құжат алынды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Туыстарынан, оқиға куәгерлері мен медицина қызметкерлерінен жауап алынып жатыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді