jasqazaq.kz

Дәрігерлер мұзға құлап кеткен баланың жағдайын айтты

11 қараша 2019, 11:53

Дәрігерлер Қостанай облысында мұзға құлап кеткен баланың жағдайын айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері баланың жағдайы тұрақтанғанын айтты. 

«Бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Дәрігерлердің қарауында. Ол әбден суықтап қалған, пневмония. Қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп жоқ», — деді ведомство өкілдері.  Осыған дейін, Қостанай облысында мұз үстінде ойнап жүрген екі бала суға құлап кетіп, қайтыс болғаны туралы хабарланды.  Оқиға 10 қарашада Жітіқара қаласында 16:25-те болған. Полицейлер жасанды суқоймасынан тағы үш баланы құтқарған. «Алдын ала мәлімет бойынша, тереңдігі екі метр болатын әлі дұрыс қатпаған мұздың үстінде балалар ойнап жүрген. Полицейлер құтқарылған балаларды дереу жедел жәрдем бригадасында тапсырған, оларды ауруханаға алып кетті. Аудандық орталық ауруханада дәрігерлер екі баланың қайтыс болғанын айтты, олар 2014 және 2013 жылғы, болжаммен оларға суық өтіп кеткен», — делінген баспасөз хабарламада.  2011 жылғы бала дәрігерлердің қарамағында қалған. Оның жағдайы — орта деңгейлі ауырлық. Сонымен қатар, балаларды құтқару кезінде зардап шеккен 1954 жылғы куәгер де ауруханаға жатты. Оның да жағдайы орта деңгейлі ауырлық.  «ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Балаларға мұз үстінде ойнау қауіпті екенін ескерту керек. Күзгі мұз қараша мен желтоқсан аралығында дұрыс қатпайды, сол себепті қауіпті», — делінген ТЖК хабарламасында.

tengrinews.kz 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда