jasqazaq.kz

Дәрігерлер мүгедек қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты

17 қантар 2020, 20:56

Ақтауда 14 жастағы мүгедек қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине шықты. Оны дәрігерлер ота арқылы алды. Аш ішекке дейін жеткен ине мен шаш жасөспірімнің денсаулығына қауіп төндірген.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Науқас екі күн бұрын іші ауырып ауруханаға ауыр халде түскен. Компьютермен тексергенде оның ағзасында адам шошырлық заттардың бар екені анықталады. Сөйтіп қызға хирург дереу ота жасап, ішегінен бөгде заттарды алып шықты.

Айта кетейік, жасөспірімнің психикалық дамуы тежелген және церебралдық сал ауруымен ауырады. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Ал жасөспірімді құтқарған дәрігер Насухан Отарғазиев аймаққа жақсы танымал. Ол өткен жылы емделушінің бірімен жанжалдасып, сот шешімімен бір күнге қамалған еді. Артынша өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп шықты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде