jasqazaq.kz

Дәрігерлер Қытайдан келген науқастан қаша жөнелген

11 ақпан 2020, 14:18


Уфа қаласында жас жігіт коронавирусқа қан тапсырмақ болып емханаға келген. Алайда оны көрген дәрігерлер көмектескеннің орнына бастарын ала қашқан. 

Телеарна таратқан мәліметке сүйенсек, инфекциялық аурухананың дәрігерлері Қытайдан келген 27 жастағы Ресей азаматын тексеруден бас тартқан.
Жігіт Бейжіңде сегіз айдай жұмыс істеп, 4 ақпан күні еліне оралған. Көп ұзамай ол өзін жайсыз сезінген, және туыстары коронавирусқа қарсы тексеріліп көр деп кеңес береді.  Әкесінің айтуынша, ұлы ауруханаға келісімен Қытайдан келгенін және коронавирусқа қарсы қан тапсырғысы келетінін айтқан. Осы кезде дәрігерлер бірден абдырап, не істерлерін білмей қаша жөнеліпті.

Ұлым алғашында анализ тапсыратын ғимаратқа барып, Бейжіңнен келгенін айтқан, оны бүкіл дәліздегілер естіген. Сол сәтте бәрі қаша жөнелген, қабылдау бөліміне бару керектігін айқайлап жеткізіпті,-дейді науқастың әкесі Владислав. Келесі ғимаратта да осындай жағдай болған. Дәрігерлер онымен сөйлескісі келмей түпкі бөлмеге қарай қашан жөнелген. Дәрігерлер науқаспен жабық есік арқылы сөйлесіп, оған ауруханының артқы есігі арқылы шығып кетуін өтінген.

Башқұрт Денсаулық сақтау министрлігі бұл жайт бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

baq.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия