jasqazaq.kz

Дәрігерлер бас ми жарақатын алған балаға көмектесуден бас тартты

23 ақпан 2020, 15:01

Елордадағы травматология дәрігерлері бас ми шайқалу жарақатын алған балағ көмек беруден бас тартты. Анасының айтуынша, ұлдың есінен танып қалған. Мұзда сырғанап құлап, басын ұрған. Ал жақын маңдағы жедел жәрдем бөлмесінде дәрігерлер немқұрайлылық білдірген.Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жұмабаевтар отбасы көңіл көтеруге шыққан. Алайда баласы мұзға құлап басын жарып алған. Жақын маңдағы медициналық мекеме оларға көмек көрсетпеген.

«Мен кіре сала олардан көмек сұрадым. Бірақ олар орындарынан қозғалмады. Баламның жасын сұрады. 14 жаста екенін, есінен танып қалғанын айттым. Бірақ сонда да көмектеспеді. Маған жақын маңдағы балалар ауруханасына баруымды айтты», — дейді Нұр-Сұлтан тұрғыны Гүлайым Жұмабаева.

Ақырында анасы балалар ауруханасына барған. Ол жердегілер баланың бас миы шайқалғанын айтып, бірден көмек көрсеткен. Ал бірінші барған жері травмотология бөлімшесі бар болған. Алайды олар баланы қараудан бас тартыпты.

«Ата-аналар бізге келгенде, біз баланың жарақатын алдымен тексеріп көреміз. Егер өмірге қауіп төндірмейтін жарақат юолса, онда қалалық балалар ауруханасына жібереміз. Бірақ бұл жағдайда жарақаттар, болған жоқ, сондықтан оған таңғыш бермедік», — дейді Травматология және ортопедия институтының жетекшісі Әділбек Жылқыбаев.

Денсаулық сақтау министрлігі травмотология бөлімінде балаға көмек көрсететін мамандардың тапшылығын айтты. Баланы ауруханаға жібермеуден бұрын оған алғашқы көмек көрсетілуі керек болған.

«Ересектер травматологиясы саласындағы медициналық маман тек ересектерге медициналық көмек көрсетеді. Қабылдау бөліміне хабарласқан кезде шұғыл медициналық көмек көрсетеді және ұсыныстарды ескере отырып, олар мамандандырылған медициналық ұйымға жіберіледі», — дейді ҚР медициналық көмек көрсету мекеме департаментінің эксперті Баян Божбанбаева.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия