jasqazaq.kz

Дәрігерлер арықтан табылған нәрестенің жағдайын айтып берді

25 тамыз 2020, 13:39

Алматыда арықтан табылған нәрестенің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

«Кеше түнгі сағат 00:38-де Райымбек даңғылында орналасқан «Maxima» ойын-сауық сауда орталығының маңына жедел медициналық жәрдем қызметіне шақырту түсті. Оқиға орнына жеткен мамандар салмағы 3 келі, бойы 52 см болатын жаңа туған нәрестеге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді. Қабылдау кезінде баланың жағдайы гипотермияға байланысты ауыр болған (дене температурасы 34,5). Қазір жағдайы орташа, дене температурасы қалыпты. Нәресте белсенді түрде өздігінен еме алады»,– деп хабарлады басқармадан. Қазір жаңа туған нәрестені № 2 балалар ауруханасына ауыстыруға дайындап жатыр. Ол жерден толық тексерілгеннен кейін балалар үйіне жіберіледі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде