jasqazaq.kz

Дәрігерлер Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтып берді

23 наурыз 2020, 12:06

Алматыда коронавирус жұқтырған 2 науқас пен 1 баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайында. Бұл туралы Алматыда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматы қаласында коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Екі пациент бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыста болған. Олардың барлығы стационарда карантинде жатты. Коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу хаттамасына сәйкес, ем-дом шаралары басталды. Екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық»,- деді ол «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен. Оның дерегінше, бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 22, ал балалар жұқпалы аурулар ауханасында 2 бала және ауру жұқтырған бір ана бар. «Қазір екі науқастың және 1 баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайында. Қалған пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық. Бүгінде қаланың провизорлық госпитальдерінде карантинде 660, үй карантинінде 1 462 адам, қосымша карантиндік стационарларда 778 адам бар. Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты жағдайда, катаралдық ауытқулар жоқ», — деді Тілеухан Әбілдаев.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі