jasqazaq.kz

Дәрігерлер 277 баланың өлімін жасырған

21 қазан 2019, 21:36

Отандық дәрігерлер былтыр 277 баланың өлімін жасырған. Атыраудағы атышулы бала өлімінен кейін жан-жақты тексеру жүргізген Денсаулық сақтау министрлігі осындай сұмдықтың бетін ашты. Кейбірінде Атыраудағыдай шақалақ тірі болса да, өлдіге санап жіберген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Людмила Бюрабекова, ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы:

— Бүкіл шыны препараттар қайта қаралды. Бәрін бірдей емес, өйткені кейбірі сақталмаған да. Сол бойынша балалардың дем алып, не дем алмай жатқанын тексердік. Соның ішінде баланың тірі туылып, бірақ статистикалық көрсеткіштерін жақсы етіп көрсету үшін оны өлгендер қатарына тастаған жайттарды да анықтадық.

Кей шақалақтар туғаннан шетінесе де, оларды өлі туғандар санатына қоса берген. Сондай 277 дерек анықталыпты. Осындай жайттардың көбісі Қызылорда, Жамбыл және Атырау облыстарында тіркелген. Министрлік өкілінің айтуынша, ақ халаттылар мұндай адам қолы бармайтын әрекетке бәсекелестік рейтингісін жақсарту үшін барған. Атырауда болған бала өліміне қатысты сұмдық жайт төртінші қазанда анықталған еді. Онда облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологтары жаңа туған, бойында жаны бар баланы өлдіге санап жіберген. Кейін тірі екені анықталғанда, құжатты қайта жасауға ерініп, шалажансар шақалақты тоңазытқышқа тыға салған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда