jasqazaq.kz

Дәрігерлер 100 күн бойы жүкті әйелдің өмірі үшін күрескен

17 желтоқсан 2021, 13:03

Ақтөбелік 38 жастағы Қарлығаш Сисенбаева жүктілік кезінде ковидпен ауырып медицина дәрігерлерінің көмегіне мұқтаж болған. Екі өкпесі 75 пайыз зақымданған ана жасанды комадан аман қалып, сәбиін желдеткіш құралдың астында дүниеге әкелді. Бұл туралы  КТК телеарнасы хабарлайды.

Дәрігерлер көп балалы ананың өмірін сақтап қалды. Ол 100 күн жан сақтау бөлімінде жатқан. Ковидтік ауруханада төрт ай ем алған әйел үйіне қараша айының соңында шығарылған. Дегенмен әлі де толық қалыпқа келмеген келіншек оттегі құралын әлі де тұтынады. Сол себептен де жаңа туған нәрестесіне қарай алмайды. Салмағы екі киллограмға жетпейтін, дені сау болып туған Қарлығаштың қызы бір апта бұрын пневмониямен ауруханаға түскен. Сәбиіне бүгінде туысы қарайлауда. Анасы бейне хабарлама арқылы байланыс жасауда.

“Медициналық орталық дәрігерлеріне мың алғыс! Олар маған жақсы қарады. Бірде дәрігер келіп құрылғыдан тұрып өз бетіңізше демалыңыз деген кезде желдеткішсіз ауа жетпей тұншығатын шығармын деп қатты қорыққаным есімде”,-дейді Қарлығаш ақ халаттыларға алғысын айтып.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық