jasqazaq.kz

Дәрігерге қол көтерген алматылық жүкті әйелге айыппұл салынды

20 тамыз 2019, 17:36

Алматыда құрсағындағы баласының жүрегі соқпай тұр дегенді естіген келіншек дәрігерге қол көтерді.

Алматыдағы №7-ші қалалық ауруханада шу шығарып, дәрігерге қол көтерген емделушіге 25 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 7-ші қалалық аурухананың гинекологы Гүлмира Жамаеваның айтуынша, жүкті келіншек оның кабинетіне кіріп, ақылы УДЗ-ға түскен. «Тексерілуге келген келіншек орындыққа отыра салып, телефон арқылы біреумен қатты ұрсысты. Мен одан тынышталуын сұрадым. Содан кейін ультрадыбыстың нәтижесін беруін өтіндім. Ол маған жатырдағы ұрықтың жүрек соғысы жоқ екенін айтты. Ол УДЗ жүктіліктің сегізінші аптасында түсті. Негізі жүрек соғысы бесінші аптада сезіледі. Мен оған мұндай жағдайда шарананың іште қатып қалғанын, жүрек соғысы жоқтығын айттым»,-дейді дәрігер. Мұны естіген келіншек, ашуға бой алдырып, дәрігердің үстеліндегі компьютерді лақтырып, дәрігерге қол жұмсаған. Жұмыс орнында болған гинеколог науқасты сотқа берді. Сот оған дәрігерді қорлады және ұрды деп айып тағып , 10 АЕК айыппұл салды. «Сотта ол жылады, бірақ менен кешірім сұрамады. Сот келіншекті кінәлі деп танып оған айыппұл салды»,-дейді дәрігер Гүлмира Жамаева.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда