jasqazaq.kz

Дәрігердің жазбасынан кейін бас дәрігер мен әкім орынбасары жазаланды

09 сәуiр 2020, 16:59

#үйдеотыр

Nur Otan комиссиясы коронавирус инфекциясын жұқтырған қызметкер Толқынай Ордабаева жұмыс істейтін Жамбыл облысындағы аудандық ауруханада заңбұзушылық барын анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жарияланған үндеуден кейін келесі ақпарат анықталды. Инфекционист-дәрігер Толқынай Ордабаева жеке парақшасында Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауруханада басшылық тарапынан заңбұзушылық болғанын жазған.

«Аталған жазба бойынша Партиялық бақылау комиссиясы тексеріс жүргізді, аталған деректер расталды. Меркі аудандық аурухана әкімшілігі медицина қызметкерлерін масканы өздері тігуді талап еткен. Сондай-ақ жұмыста маскалар мен қорғаныш құралдары берілмеген. Осыған байланысты аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Данияр Нүсіпбеков пен денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым партиялық жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше Меркідегі орталық аудандық ауруханада инфекционист болып жұмыс істеп жүрген Толқынай Ордабаева ауруханадағы жағдайды Facebook желісіндегі парақшасында жазған. Ордабаеваның айтуынша, ол вирусты карантинде науқастарды емдеп жүргенде жұқтырған. Дәрігердің айтуынша, оларға маска да берілмеген. Масканы өздеріне тігуге тура келген.

«Науқастармен байланыста болғандарды 14-ші күні тексеру мүмкін болмады, себебі Жамбыл облысында оны тексеретін құрал жоқ. Сондытан оларды коронавирусқа соңғы бақылау сараптамасынан өткізе алмай, ауруханадан шығаруға тура келді», — дейді дәрігер.

Қазіргі уақытта ол вирусқа қарсы «Алувия» препаратын қабылдап жатыр екен.

Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің коронавирус жұқтырғанын жасырып отыр.

«Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының маскаға,вирусқа қарсы дәрі-дәрмеке, сараптамаларға бөлген ақшасы қайда? Неге коронавирусқа сараптама жасалмай жатыр? Жұмыс орнында неге эпидемиологиялық тергеу жүргізілмейді?», — дейді дәрігер.

Министр Елжан Біртанов бұл шағымға пікір білдірді. Ол Тауарлар қауіпсіздігі мен сапа бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабековаға осы мәселені шешуді тапсырды. Біртанов бұл жағдайды жеке бақылауға алғанын айтып өтті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия