jasqazaq.kz

Дәрігердің салғырттығы (видео)

22 қантар 2019, 15:03

Түркістан облысы тұрғыны дәрігерлердің салғырттығынан 7 ай зардап шекті. Ол ішіндегі шүберектің кесірінен біраз уақыт ауырып келді. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Жеті ай бұрын Түркістан облысы тұрғынына соқырішегін алу отасы жасалды. Отадан соң оны жағдайы түзеле қоймайды. Ол ұзақ уақыт ішінің ауырып жүргенін айтады.

Ауылдық дәрігерге қаралғанда олар жігіттің ішінен дәкені алып шығады.

“Тамыз айында ағама ота жасаған. Оны Шымкент қалалық аурухана дәрігерлері жасады. Оның қалай ауырғанын елестеткім де келмейді. Отадан соң да ауруы басылған жоқ”, – деп жазды інісі Facebook желісінде. Бұл туралы видеоны жүктеп қойды.

Ауылдық дәрігер жігіттің ота тігісін шешіп қарағанда, не болғанын көріп шошып кетті. Ішінде қалып кеткен дәке оның ауыруына, іріңдеуіне себеп болған.

“Дәрігер бұл бойынша хирургпен сөйлесті. Оған небір сөздер айтты. Бізде осындай да дәрігерлер бар”, – дейді журналист.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға пікір білдіріп, қызметтік тексеру жүріп жатқанын айтты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда