jasqazaq.kz

СҚО-да дәрігер жүкті әйелге көмектесуден бас тартты

01 тамыз 2018, 17:22


Ленино аулына қарай жол тартқан Алена Рубецтің көлігі бұзылып қалып, ол ұзаққа дейін сыртқа шыға алмаған. Бойжеткенді жақын арада жүрген ауыл тұрғыны құтқарып қалған.

Оқиғадан кейін өзін жайсыз сезініп ауруханаға жүгінген бойжеткенге дәрігер көмектесуден бас тартты деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған  NUR.KZ.
Көлік түтінін әбден жұтып өзін жайсыз сезінген Аленаның аяғы ауыр екені белгілі болды. Оқиға орнынан жергілікті дәрігерге хабарласқан бойжеткен жөнді жауап ала алмаған.
«Ол маған бар болғаны Нош-па ішсін деп айтты. Мен өзім де дәрігер болғандықтан жүктіліктің алғашқы айларында ол дәріні ішуге болмайтынын жақсы білемін», — деп айтты Алена Рубец.
Бір сағаттан соң өзі келген дәрігер аяғы ауыр қызға көмектескеннің орнына оған одан бетер ұрысып тастаған.
«Мен оның бөлімшесіне тіркелмегендіктен ол мені қайда жазарын білмейтінін айтты. Мен оны сабырлыққа шақырғанымен ол бәрібір де жанжал шығарып, ақыр-соңы кетіп қалды», — деп айтты Алена.
Облыстық ауруханаға ол түнде ғана жеткен. Болашақ ананың жағдайы қалыпты. Алайда ол жұмысына салғырттық танытқан дәрігерді жазасыз қалдырмайтынынын айтты.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді