
Алматы қалалық №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев 9 айдан бері ешқандай байланысқа шықпаған болатын. Ол қалалық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне кінәлі деп айыпталған болатын. Бірақ қазір бұл іс тоқтатылды, дегенмен дәрігердің айыптаулар алып тасталмады. Қанат Тезекбаев осы жағдай туралы Astanatv.kz телеарнасына сұхбат беріпті.
Белгілі дәрігер қазіргі уақытта жастарды оқытып жатыр екен. Ол Қазақ ұлттық медицина университетінің травмотология және ортопедия кафедрасында тәжірибесін бөлісіп, емтихан қабылдап жатқанын айтады. Денгенмен, оның айтуынша, бұрынғы жұмысын сағынып жүр.
«Әрине, жұмысымды сағындым. Түсіме тіпті ота жасап жатқаным кіреді. Науқастар хабарласып жатыр, бүгін көп адам хабарласты. Bek Air әуе апаты болған кезде де мен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына хабарласып, жұмысқа шығуға бола ма, жоқ па сұрадым. Себебі сол күні маған таңғы 7.30-да дәрігерлер хабарласа бастады», — дейді Тезекбаев.
Алайда сол күні хирург ауруханаға бармапты, әріптестеріне тек телефон арқылы көмектесіпті. Себебі тергеу уақытында дәрігер №4 ауруханадағы жұмысынан шеттетілген болатын.
Бірақ Тезекбаев сұхбатында тергеу туралы ешқандай мәлімет берді.
«Әрине, түсінемін, қайғылы жағдай, өте ауыр. Бірақ біздің барлығы жақсы болсын дедік, жаман жағдай болмасын дедік. Барлығы дұрыс болады деп сенемін, анестезиолог әріптесім де ақталып шығады деп сенемін», — дейді хирург.